foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Құрметті достар!

ҚР МСМ Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 2023 жылдың 10 шілде күні
Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданында «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының этнография залында "Ботай" музей-қорығының 5 жылдығының және "Берел" музей-қорығының 15 жылдығының аясында «Ботай. Дала өркениетінің бастауында» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанатын өткізді. Көрменің ашылуы музей-қорықтардың директорларының құттықтау сөзімен басталды.
Көрмеге ботай мәдениеті жайлы сыр шертетін жалпы 140 жәдігер қойылды, соның ішінде тұрғын үйдің макеті, адамның трепанация іздері бар бас сүйегі, сүйектерден,тастардан жасалған ботай мәдениетінің қару жарақтары көрерменнің көзайымы болды.
Көрме 10 тамызға дейін жалғасады.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"