foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай-қымыз ата-бабасы»

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ.


Осы орайда,2023 жылдың 17 шілдесінде «Ботай» музей-қорығы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы туралы «Ботай-қымыз ата-бабасы» қазақтың ұлттық сусыны  қымызға  арналған іс-шара  өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты-ежелгі дәстүрлерімізді жаңғырту. Ұлттық дәстүрлерді насихаттау және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында ұлттық сусындардың баптаудың әдіс-тәсілдері, дайындау жолдарын түсіндіріліп қымыз баптаудың қыр-сырымен,  сүт, айран, шалап дайындаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, адам ағзасына пайдалы тұстарымен бөлісті.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"