Бүгін, 2022 жылдың 15 желтоқсан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Айыртау ауданының білім бөлімінің қосымша білім беру орталығында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында оқушыларға «Ботай -Тәуелсіз Қазақстанның жетістігі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушылар Ботай мәдениетінің тарихымен, археология ғылымымен танысты. Сонымен қоса археологиялық қазба жұмыстары кезңіде Ботай және Красный Яр қоныстарынан табылған жәдігерлермен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.
> >
Бүгін, 2022 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ботай» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-мен бірлесіп «Археологиялық нысандарды сақтау және дәріптеу және оларды мұражайландыру» тақырыбындағы республикалық онлайн конференция өткізді.
Шараға Қазақстан Республикасының облыстарынын музей ұйымдарының қызметкерлері, археологтар, тарихшылар, ғалымдар қатысты. Іс-шараның мақсаты –Қазақстан Республикасының тарихи мұрасын сақтаудағы музей-қорықтардың ең өзекті тақырыптарын анықтау және талқылау. Әріптестерімізге Қазақстанның бай тарихи мұрасын зерттеу мен насихаттаудың заманауи әдістерімен бөлісу. Ғылымдар тоғысындағы археологиядағы зерттеулер – пәнаралық көзқарас, объектілерді сақтау әдістері. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ бөлімінің басшысы Ж.О.Баймусенов, Қызыл-Оба қорымын консервациялау және мұражайландыру тәжірибесімен бөлісті. Сақ дәуірінен табылған бірегей жәдігерлер туралы ғылыми деректермен Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Ж.К. Укеев бөлісті.
Сонымен қатар, республикалық онлайн-конференцияда облыстық ескерткіштерді қорғау орталықтарында, республикалық музей-қорықтарда жинақталған тәжірибені жаңарту және жаңғырту әдістері талқыланды.
> >
Бүгін, 2022 жылдың 7 желтоқсан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мадени музей-қорығы» РМҚК-нің экскурсоводы Шаимова А.Ж. Көкшетау қаласының мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына тарихты біліп,ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді.
Оқушылар ежелгі энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар,ботай мәдениеті жайлы дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер туралы көптеген ақпараттар алды.
> >
2022 жылы 5 желтоқсан күні сағат 11:00 де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы «AMANAT» партиясының ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай қонысының тарихи бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Ботай қонысының табылуына себепші болған, көне жылқының сүйектерін, табылған жәдігерлерді профессор В.Ф.Зайбертке бірінші болып көрсеткен Еслямбек Зәкіряұлына арналды.
Іс шараның мақсаты– көпке беймәлім тұлғаны, қатардағы өлкетанушыларға, зиялы қауым өкілдеріне Еслямбек Зәкірияұлына қатысты тарихты, адамгершілік әділеттілікті қалпына келтіру. Дөңгелек үстел жұмысында Ботай мәдениетін зерттеудің 40 жылдық тарихы, оның негізгі белестері, қолданылған әдіс-тәсілдері, ғылыми пікірталастары айтылып, алдағы уақыттағы басымдықтарды айқындау көзделді. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстанның киелі нысандары, Ботай археологиялық мәдениетінің әлемдік өркениетті зерттеудегі рөлі мен маңызы талқыланды.
> >
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК 2022 жылғы 17 қарашада «Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді.
Конференция 2022 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының ақпараты, нәтижелері, жетістіктерінің мониторингіне арналды.
Аталмыш іс-шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның аға ғылыми қызметкері Қуаныш Қабдолұлы Абильмаликов «Археологические исследования на поселении Ботай в 2022 году» тақырыбында өз баяндамасымен және тарихшылар, археологтар, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатысты.
> >