
2023 жылдың 7 тамыз күні Ғабит Мүсірепов ауданының Бірлік орта мектебінің оқушылары Айыртау ауданы, Никольское ауылының жанында орналасқан Ботай қонысына келді. Оқушыларға "Ботай қонысы" ежелгі энеолит ескерткіші бойынша экскурсия жүргізіліп, балаларды ботай мәдениетімен, ботайлықтардың тұрғын үйлерімен таныстырды. Сондай-ақ балалар қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалап, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
«Ботай» ескерткішін таныту, балаларға туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырады деп сенеміз..
> >
2023 жылдың 7 тамыз күні Айыртау ауданы, Никольское ауылының жаңындағы Ботай қонысына арнайы Казань қаласынан (Татарстан) велосипедпен Валера есімді ютуб каналында ВелоВалера деп танылған велосипедші келді.
2023 жылғы 3 тамызда ҚР МСМ Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК жүргізетін археологиялық қазбаларға Эксетер университетінің (оңтүстік-батыс Англия) профессоры Алан Оутрам келді. Ғалымның келу мақсаты-Ботай мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі, атап айтқанда Ботай қонысы және Красный Яр археология ескерткішінен остеологиялық материалдарын (жануарлар сүйектерін) зерттеу.
2023 жылдың 21 шілде күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Ресейден (Омбы) келген қонақтар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.