foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

2022 жылдың 9-11 қараша күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінде Ұлыбританияның Экзетер университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Алан К.Оутрамның «Ботай мәдениетінің алатын орны және жылқыны қолға үйретуге қатысты пікірталастар» атты көшбасшылық дәріс өтті.

2022 жылдың 9-11 қараша күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінде Ұлыбританияның Экзетер университетінің профессоры,тарих ғылымдарының  докторы Алан К.Оутрамның «Ботай мәдениетінің алатын орны және жылқыны қолға  үйретуге қатысты пікірталастар» атты көшбасшылық дәріс өтті.

Археолог, тарих ғылымдарының докторы Алан Оутраммен «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Қуаныш Ғибадатович Шақшақов кездесіп, әңгімелесу барысында Ботай мәдениетінің зеттеу жұмыстарының  қазіргі жағдай мен келешекті егжей-тегжейлі талқылады.

2022 жылдың 9 қарашасында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Ботай» республикалық мемлекеттік музей-қорығы жанынан жұмыс істейтін «Жас археолог» үйірмесіне белсене қатысқан Уәлихан ауданы, Кішкенекөл ауылындағы мектеп оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде «Дала өркениеті бастауынан бүгінге дейін» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

2022 жылдың 9 қарашасында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Ботай» республикалық мемлекеттік музей-қорығы жанынан жұмыс істейтін «Жас археолог» үйірмесіне белсене қатысқан  Уәлихан ауданы, Кішкенекөл ауылындағы мектеп оқушыларымен  ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде  «Дала өркениеті бастауынан бүгінге дейін» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинардың жұмысы-бүкіл жылқы-дала өркениетінің дамуына серпін болған Ботай мәдениеті мысалында. Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алуының арқасында объективті түрде зерттеу мүмкін  болған ел тарихын кеңінен насихаттау.

Семинар барысында оқушыларға Ботай мәдениеті туралы сұрақтар қойылып,өзара кішігірім пікірталас орын алды. Сонымен қоса, «Жас археолог» үйірмесінің қатысушалары қазба жұмыстары кезінде алған әсерлерімен, қызықты оқиғаларымен бөлісті.

2022 жылдың 3 қараша күні Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің 90-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Өткен мен болашақтың арасында» атты республикалық музейлердің құнды жәдігерлеріне арнайы көрме ұйымдастырылды.

2022 жылдың 3 қараша күні Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде музейдің 90-жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Өткен мен болашақтың арасында» атты республикалық музейлердің құнды жәдігерлеріне арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қонақтар Ботай мәдениетінің құнды жәдігерлерін тамашалай алды. Ботай мәдениетінің бірегей жәдігерлерінің бірі сүйектен жасалған пышақ пен өрнектелген жылқы фалангасы көрермендердің ерекше назарын алды. Көрмеде еліміздің түкпір түкпірінен келген музейлердің аса құнды экспонаттары болды .Көрменің негізгі бөлігі – археологиялық заттар, ат әбзелдері және зергерлік бұйымдар көрсетілді.

Көрменің жалғасы " Музейлік педагогика; дәстүрлер мен инновациялар" атты халықаралық семинар- тренинг өз жұмысын бастады. Семинарға отандық және Ресейдің тарихшылары,музей қызметкерлері, археологтары қатысып, өздерінің баяндамаларымен,музей жолындағы жаңа идеяларымен бөлісті.

Қарағанды музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоғары деңгейде ерекше атмосферада,қызықты өтті.

2022 жылдың жазғы далалық маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында және Красный Яр (Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан) қонысында Ботай мәдениеті ескерткіштерінде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысының тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына белсенді қатысып, археологияға үл

2022 жылдың жазғы далалық маусымында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында және Красный Яр (Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан) қонысында Ботай мәдениеті ескерткіштерінде  археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысының тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына белсенді қатысып, археологияға үлкен танымдық қызығушылық танытты.

Республикалық қоғамдық-саяси «Білімді ел» газетінің 2022 жылғы 30 тамыздағы №32 санында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Токушин мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Әсел Баймақанованың «Ботай қонысындағы археологиялық демалыс» мақаласы жарияланды. Бұл мақалада мұғалім газет оқырмандарымен археологиялық қазбалардан алған жағымды эмоциялары мен әсерлерімен бөліседі. Басылымда Әсел «Ботай» мемлекеттік музей-қорығының әкімшілігінің археологиялық зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, бос уақытын сапалы өткізгенін атап өтеді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы мен тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығына алғыс айтады. Тарих пәнінің мұғалімі ретінде Әсел өзінің білім қорын, кәсіби біліктілігін арттырып, археологиялық ескерткіштердің мәдени қабаттарымен жұмыс істеу дағдыларын, жәдігерлерді анықтау әдістерін игеріп, бекітті.

 

2022 жылдың 26 тамызында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Көкшетау қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті.

2022 жылдың 26 ​​тамызында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде Көкшетау қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясы өтті. Шараға қатысушылар мен қонақтардың назарына «Ботай – мыңжылдық жолымен» көрмесі ұсынылды. Көрменің ерекшелігі – Көкшетау қаласының шекарасында орналасқан ежелгі Красный Яр қонысынан табылған баға жетпес жәдігерлермен таныстыру. Бұл археологиялық ескерткіш ботай мәдениетіне жатады және ұзақ уақыт бойы нашар зерттелген.

Осыған байланысты «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы  2022 жылғы дала маусымында осы археологиялық нысанға экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция жұмысына Көкшетау қаласы мен Красный Яр ауылының мектептерінің оқушылары қатысты. Сондықтан бүгінгі көрмеде ұстаздар шәкірттерінің қолымен табылған археологиялық жәдігерлерді өз көздерімен көруге және  оқушылардың туған жер тарихын зерттеудегі  танымдық күш-жігеріне қуануда.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"