foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі

2023 жылғы 7 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Ботай қонысында "Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі"тақырыбында далалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара "Ботай"музейй-қорығының 5 жылдығына орайластырылған. Семинарға облыстың жас өлкетанушылары, ЖОО оқытушылары, студенттер мен музейдің ғылыми қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында облыстық жас өлкетанушылар слетіне қатысушылар үшін Ботай қонысы бойынша экскурсия өткізілді. "Ботай мәдениеті-ұлт шежіресі" көрмесі, ежелгі еңбек құралдарын, тұрмыстық заттарды жасау бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді.

Толығырақ...

Рәміздері елімнің-бойтұмары жерімнің»

 «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» 2023 жылдың 2 маусым күні Саумалкөл №1 орта мектебінің оқушыларына 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздері елімнің-бойтұмары жерімнің» атты  экскурсия ұйымдастырды.
Оқушылар үшін алдымен  экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылып, кейін Рәміздер тарихына үңіліп, оларды пайдалану жөнінде біраз ақпарат алды. Рәміздерді құрметтеу, өз Отаныңды сүю сияқты тақырыпар қозғалды және  оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктеріе кеңейту, ҚР рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру үшін рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылды.

Толығырақ...

Ботай қонысында археологиялық демалыс

2023 жылғы 27-28 мамырда Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен мұғалімдері Айыртау ауданы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында археологиялық демалыс өткізді. Қонысқа барудың мақсаты - пайдалы және қызықты демалыс күндерін ашық ауада өткізу. Оқушылар мұғалімдерімен бірге Иман-Бұрлық өзенінің жағасында, көркем жерде тұрып, лагерьде шатыр құрды. Кешке олар от жағып, отта тамақ дайындады. "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері қонақтарға Ботай қонысында, Ботай мәдениетінің тұрғын үйлеріне қызықты және танымды экскурсия ұсына алды.

Толығырақ...

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"