
Бүгін, 2023 жылдың 29 мамыр күні СҚО Айыртау ауданының «КАРАСЕВКА орта мектебінің оқушылары Ботай музей-қорығына және Айыртау ауданы, Никольское ауылының маңындағы Ботай қонысына келді. Балаларға Ботай музей-қорығының қызметкерлері Ботай музей-қорығының экспозициялық залы және Ботай қонысы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізіп, балаларды бұйымдарды өңдеудің ежелгі технологияларымен,құралдарымен таныстырды. Сондай-ақ балалар қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалап, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
2023 жылдың 29 мамыр Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Нижнебурлук орта мектебінің оқушылары «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары басталуына және "Ботай"музей – қорығының құрылғанына 5 жыл толуына арналған "Ботай-ғасырлар тарихы мен мәдениеті" атты имидждік іс-шара, флешмоб өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты-жастар арасында ұлттық дәстүрлерді сақтау. Биге қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Ботай қонысында археологиялық экспедицияға қатысып жатқан ЖОО студенттері қатысты.
"Қара жорға" -2000 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанда жаңа танымалдылыққа ие болған ежелгі қазақ биі. Қара жорға биi сонымен бiрге малшы қазақ жаз жайлауға шығып, қымыз бен бағлан етiне тойынған шағында кәдiмгi ат үстiнде билейтiн, ол бидi «Жылқы биi» (“Ма у) деп аталатыны жөнiнде ертедегi қытай жазбаларында сақталған.
Биді орындамас бұрын студенттер Ботай музейінің қызметкерлерімен ой бөлісті, олардың ішінде басты идея жаһандану кезеңіндегі ұлттық өзін – өзі сәйкестендірудің маңыздылығы, сондай-ақ білім алу және білім деңгейін арттыру қажет мәдени кодты сақтау болып табылады.
Балалар археологиялық әдістерді, артефактілерді, ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерін қызығушылықпен зерттейді, өлкетану негіздерін және ата-бабалар тарихын түсінеді. Сондықтан студенттер ұлттық тарихты, дәстүр мен әдет-ғұрыпты зерттеуге назар аударып, "Қара жорға"биін орындауды ұйғарды.
Жамбыл ауданының Пресновка ауылындағы Қожаберген жырау атындағы негізгі мектеп оқушылары мен мұғалімдері Ботай музей-қорығына және Айыртау ауданы, Никольское ауылының маңындағы Ботай қонысына келді. Балаларға Ботай музей-қорығының қызметкерлері Ботай музей-қорығының экспозициялық залы және Ботай қонысы бойынша тақырыптық экскурсия жүргізіп, балаларды бұйымдарды өңдеудің ежелгі технологияларымен,құралдарымен таныстырды. Сондай-ақ балалар қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалап, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
2023 жылғы 22-27 мамыр аралығында Көкшетау қаласының Ш.Уалиханов атындағы университетінің "География-тарих" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1 курс студенттері үшін « Ботай» қонысында оқу археологиялық практикасы ұйымдастырылуда. Археологиялық практикаға 49 студент қатысуда. Оның ішінде 27 қыз бала, 22 ұл бала.