
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысы басталды.
2023 жылдың 15 маусым күні «ЕЛЕЦКИЙ ОРТА МЕКТЕБІ» және «МӘДЕНИЕТ ОРТА МЕКТЕБІ» оқушылары Айыртау ауданы, Никольское ауылының жанында орналасқан Ботай қонысына келді. Оқушыларға "Ботай қонысы" ежелгі энеолит ескерткіші бойынша экскурсия жүргізіліп, балаларды ботай мәдениетімен, ботайлықтардың тұрғын үйлерімен таныстырды. Сондай-ақ балалар қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалап, көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды.
«Ботай» ескерткішін таныту, балаларға туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырады деп сенеміз.
> >
2023 жылдың 14 маусым күні №2 Саумалкөл мектеп-гимназияның «Достық – Дружба» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің оқушылары «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Оқушылар үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР МСМ Мәдениет комитетінің "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына 5 жыл толуына орай бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді.
2023 жылғы 29 мамыр- 9 маусым аралығында Көкшетау қаласының Ш.Уалиханов атындағы университетінің "География-тарих" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын «Тарих және дінтану» және «Ғылыми тарих» факультетінің 1 курс студенттері үшін « Ботай» қонысында оқу археологиялық практикасы өткізілді. Археологиялық практикаға студенттер белсене қатысты. Археологиялық тәжірибеде тарихи дереккөздің ерекше түрі болып табылатын археологиялық ескерткіштермен, қазба жұмыстарының жалпы ережелерімен, дәстүрлі және заманауи археологиялық қазба жұмыстары әдістерімен студенттер танысты.