foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Меморандум

2023 жылғы 15 тамызда Эксетер университеті (Англия) мен ҚР МСМ Мәдениет комитетінің "Ботай "республикалық тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК арасында меморандум жасалды.

Құжатқа қол қойған тараптар-"Ботай" музей-қорығының директоры  Қ.Ғ. Шақшақов және Эксетер университетінің профессоры, археолог Алан Оутрам. Меморандумның мәні - ғылым, білім беру, тарихи мұраны сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы. Бірлескен зияткерлік күш-жігер, университеттің заманауи зертханалық жабдықтары, қазба жұмыстары кезінде табылған жер асты археологиялық материалы, жануарлардың сүйектерін зерттеу Ботай мәдениетінің көптеген құпияларына "жарық түсіреді" деп санаймыз. Эксетер университеті студенттерінің Ботай қонысындағы қазба жұмыстарына қатысудан алған жағымды эмоциялары, әңгімелері, әсерлері Англияға үйге келгеннен кейін курстастары мен достарының арасында Ұлы Дала тарихын зерттеуге деген қызығушылығын, ынтасын оятады.


Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"