2023 жылдың 21 шілде күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері Ресейден (Омбы) келген қонақтар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.
Музей қызметкерлері қонақтарға өңір тарихы, Ботай мәдениетінің бірегей олжалары жайлы ақпарат берді.
Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өркендеу мен бірегей жәдігерлерді табуды тіледі.