foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Сапардан алған әсеріміз!

2023  жылдың 10 шілде күні «Ботай»  мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Ботай» музей-қорығының 5-жылдығына  ұйымдастырылған жылжымалы көрме аясында Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай МҰТП аумағында, аттас ауылдан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде Бұқтырма өзенінің жанында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барып қайттық. «Берел» музей-қорығы  Музей аумағында 70-тен астам қорғандар мен ерте көшпенділер дәуіріндегі және ежелгі түркі дәуіріндегі басқа да жерлеу-жерлеу құрылыстары бар.

Шығыс Қазақстанға саяхатымыз естен кетпестей болды. Шығыс Қазақстанның табиғаты әсіресе тамсандырды бізді. Шілденің ыстығында Алтай таулары бұлтпен таласын жатыр. Жотасында аппақ қар жатыр. Ғажайып табиғат, таулы аймақ, Алтай тауларына қанша қарасанда көз тоймайды.

"Берел" музей-қорығы бізді қуана қабылдады. Музей қызметкерлері бізге  қызықты экскурсия ұйымдастырып, сақ дәуіріне сапар шегіп,сол замандағы жәдігерлерді шынайы көріп, таныстық. Музей аумағында мифтік мүсіндер ұсынылған: Берел жылқысы, «грифон» және т.б. Атақты  Геродот грифонды скифтердің жұмбақ елінің алтынының жұмбақ қорғаушысы ретінде сипаттаған екен. Қазір ол музей аумағын күзетеді.

Бұл жерден алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес.  Мұндағы сапар  бізге эмоциядан бөлек білім мен достар сыйлады.

Бізге қонақжайлық танытып, ел тарихынан хабардар еткен «Берел» мемлекеттік тархих-мәдени музей қорығының ұжымына алғысымыз шексіз!!!

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"