Бүгін, 19 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Шақшақов Қуаныш Ғибадатұлы және музей-қорықтың ғылыми-қызметкері Хайргельдинов Руслан Ерланұлы Халықаралық музейлер күніне орай «Kókshe» телеарнасының «Көкше нұры» ақпараттық-танымдық бағдарламасына қатысты.
Сұхбат барысында Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін, ескерткішті сақтаудың басты факторы ретінде «Ботай» музей-қорығын мұражайландыру тұрғысынан дамыту жоспарларымен бөлісті.