«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей түні» акциясы аясында 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне арналған «Ботай пырағы – 2023» фестивалін өткізеді.
Бағдарламада:
-театрландыру
-мастер класс
-жылқыны қолға үйрету;
- жылқы терісін тазалау;
- тас дискілерді жасау
- ұлттық сусын – қымыз дайындау.
- найза лақтыру және садақ ату жарыстары.
- атпен серуендеу
- алтыбақан
-концерттік бағдарлама
-кәдесый өнімдерін сату
-Ботай жалынын жағу
-мерекелік отшашу және т. б
Сіз өзіңіздің қолыңызбен ежелгі бұйымдардың аналогы – қыш ыдыстарды жасауға, артефактілерді өңдеу процесін көруге мүмкіндік аласыз.
Театрландырылған көрініс сәттерін есте қалдыру үшін фотосуретке түсе аласыз.
Сондай-ақ, кәдесый өнімдерінің сатылымы мен сауда алаңдары келушілердің назарына ұсынылады. Іс-шара концерттік бағдарлама мен отты шоумен аяқталады.
Отбасыңызбен және достарыңызбен қызықты уақыт өткізіңіз. Біз сіздерді күтеміз!
Қосымша ақпарат: +7–775-732-84-54 Айгерім