foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай пырағы – 2023»

2023 жылғы 18 мамыр күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Музей түні» акциясы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Ботай пырағы – 2023» фестивалін ұйымдастырды.

«Ботай» қонысының аумағында бірнеше нысан қатар жұмыс істеді. Музей қонақтары мен келушілері жылқыны қолға үйрету, жылқының терісін тазалау, тас дискілерді жасау, ұлттық сусын – қымыз дайындау, өз қолдарымен көне бұйымдардың аналогын жасау, атқа міну, алтыбақанға міну сияқты театрландырылған қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік алды, сондай-ақ іс-шара қонақтарының назарына "Ботай-мыңжылдық жолымен"көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, музей қонақтары арасында найза лақтыру және садақ ату жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Іс-шара Ш. Құсайынов атындағы музыкалық-драма театры «Бабалар рухын шақыру» театрландырылған қойылымымен жалғасып, таза ауа, самал жел аясында ашық аспан астында кино көрсетіліп,кәсіби от шоуымен (FIRE SHOW) «Ботай алауы» жағылды, қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұсынылды. Іс-шара соңы тарихи-мәдени мұраны насихаттау бағытындағы ерен еңбектері үшін музей-қорықтың қызметкерлерінің марапаттауы мен мерекелік от-шашумен аяқталды.

Аталмыш іс-шараны ұйымдастыру барысында жәрдемдескен барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"