«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК қызметкерлері Ирландиядан келген американдық журналист Питер Леонардқа музей-қорықтың экспозициялық залы мен Ботай қонысы бойынша экскурсия жүргізді.
Питер Леонард Eurasianet газетіне Ботай қонысы туралы ақпарат жинап, Ботай мәдениетінің бірегей артефактілерімен танысты, энеолиттік қоныстың археологиялық қазба жұмыстары орнын тамашалай алды. Экскурсия соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, өркендеу мен бірегей жәдігерлерді табуды тіледі.