foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Ботай - мыңжылдық жолымен"

2023 жылы 22 мамырда «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Дәстүрлі рәсімдер есте қаларлық мәдениеттің көрінісі ретінде: далалық Еуразияның символдық капиталының ресурстары мен стратегиялары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Іс-шара материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияның қабылдануының 20 жылдығына (2003 ж.) және Қазақстан Республикасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту туралы тұжырымдаманың 10 жылдығына (2013 ж.) ортағасырлық «Бозоқ» қалашығын зерттеудің басталуының 25- жылдығына (1998 ж.) арналған.

Конференцияның мақсаты: Еуразияның материалдық емес мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және репрезентациялаудың өзекті мәселелерін талқылау.

Конференцияның жұмысына Әзірбайжан, Бельгия, Қырғызстан, Польша, Ресейдің ғалым-археологтар, этнографтар, тарихшылар, өнертанушылар мен музейтанушылар қатысты.

Іс-шара форматы офлайн, ZOOM онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай-мыңжылдық жолымен» тақырыбында көрмесімен қатысты. Атап айтсақ, Ботай мәдениетіне жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен тастардан,сүйектен жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"