foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай қонысында археологиялық демалыс

2023 жылғы 27-28 мамырда Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары мен мұғалімдері Айыртау ауданы Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында археологиялық демалыс өткізді. Қонысқа барудың мақсаты - пайдалы және қызықты демалыс күндерін ашық ауада өткізу. Оқушылар мұғалімдерімен бірге Иман-Бұрлық өзенінің жағасында, көркем жерде тұрып, лагерьде шатыр құрды. Кешке олар от жағып, отта тамақ дайындады. "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері қонақтарға Ботай қонысында, Ботай мәдениетінің тұрғын үйлеріне қызықты және танымды экскурсия ұсына алды.

Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдер археологиялық қазбаларға қатыса алды. Жақын орманда серуендеуге, мәдени - танымдық қарым-қатынасқа,еркін демалу, таза ауамен тыныс алу, жағымды әсер алуға көп мүмкіндік болды. Қалалық урбанизацияның психологиялық қарқынынан аздап жеңілдеу- маңызды  фактор. Гид пен шебер реставратордан қызықты түрде өлке тарихы туралы алған білімдерімен жағымды жеңіл физикалық белсенділік сезімі.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"