foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары басталуына және "Ботай"музей – қорығының құрылғанына 5 жыл толуына арналған "Ботай-ғасырлар тарихы мен мәдениеті" атты имидждік іс-шара, флешмоб өткізді.

"Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары басталуына және "Ботай"музей – қорығының құрылғанына 5 жыл толуына арналған "Ботай-ғасырлар тарихы мен мәдениеті" атты имидждік іс-шара, флешмоб өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты-жастар арасында ұлттық дәстүрлерді сақтау. Биге қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Ботай қонысында археологиялық экспедицияға қатысып жатқан ЖОО студенттері қатысты.

"Қара жорға" -2000 жылдардың ортасынан бастап Қазақстанда жаңа танымалдылыққа ие болған ежелгі қазақ биі. Қара жорға биi сонымен бiрге малшы қазақ жаз жайлауға шығып, қымыз бен бағлан етiне тойынған шағында кәдiмгi ат үстiнде билейтiн, ол бидi «Жылқы биi» (“Ма у) деп аталатыны жөнiнде ертедегi қытай жазбаларында сақталған.

Биді орындамас бұрын студенттер Ботай музейінің қызметкерлерімен ой бөлісті, олардың ішінде басты идея жаһандану кезеңіндегі ұлттық өзін – өзі сәйкестендірудің маңыздылығы, сондай-ақ білім алу және білім деңгейін арттыру қажет мәдени кодты сақтау болып табылады.

Балалар археологиялық әдістерді, артефактілерді, ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерін қызығушылықпен зерттейді, өлкетану негіздерін және ата-бабалар тарихын түсінеді. Сондықтан студенттер ұлттық тарихты, дәстүр мен әдет-ғұрыпты зерттеуге назар аударып, "Қара жорға"биін орындауды ұйғарды.

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"