foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Археологиялық тәжірибе

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жыл сайын студенттермен бірге археологиялық практикалық  қазба жұмыстарын жүргізеді. Биылда  Ботай қонысына    Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Тарих, география және ӘГП» кафедрасы, 6В02201 "Ғылыми тарих", "Тарих және дінтану" мамандығының 1 курс студенттерінің   археологиялық практикасы басталды.

Археологиялық практикаға 43 студент қатысуда. Оның ішінде 23 қыз бала, 20 ұл бала.

Археологиялық практикаға студенттер белсене қатысуда. Археологиялық тәжірибеде тарихи дереккөздің ерекше түрі болып табылатын археологиялық ескерткіштермен, қазба жұмыстарының жалпы ережелерімен, дәстүрлі және заманауи археологиялық қазба жұмыстары әдістерімен студенттер танысады.

Қазба жұмысына қатысушылар мәдени қабаттарды зерттеп, Ботай мәдениетінің археологиялық ескерткіштерін зерттеу барысында табылған көне жәдігерлерді өз көздерімен көріп, тікелей қолмен ұстау мүмкіндік алады..

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"