foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Лобаново ауылының "Зейнеп " колледжіндегі іс-шара

2024 жылдың 17 тамыз күні Айыртау ауданы Лобанова ауылының «Зейнеп» жоғарғы көпсалалы колледжінің базасында этноауыл кешенінде үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл іс шараға «Ботай» музей-қорығы "Ботай Ұлы дала мәдениеті " тақырыбында жылжымалы көрмесін ұсынды.

Аталған іс-шарада "Ботай" музей-қорығының қорындағы бірегей артефактілері, ботайлықтардың киім үлгісі, тұрғын үйінің макеті көрсетілді.

Сонымен қатар ежелгі технологияларымен қыш ыдыс дайындау, тері өңдеу процесімен тасты дисктерді дайындау,өсімдік тамырларын ұнтақтау процесі бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

Аталмыш іс -шараға СҚО әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, оқу- ағартудың бірінші вице-министрі Жұмаділдаева Наталья Васильевна қатысып ежелгі энеолит дәуірінің жәдігерлерімен танысты.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"