Бүгін, 2024 жылдың 7 қарашасында «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Айыртау ауданының аудандық кітапханасында "Ерте еңбек құралдары" көрмесін ұйымдастырды. Іс-шараға Саумалкөл ауылының мектеп оқушылары қатысты.
Көрмеге Ботай мәдениетінің тұрмыс-тіршілігінде қолданыста болған жәдігерлер қойылып, музей қызметкерлері әр жәдігер жайлы толық ақпарат беріп, ботай мәдениеті жайлы қысқаша бейнебаян көрсетті.
Сонымен қатар, оқушыларға Ботай мәдениеті жайлы кітап көрмесі таныстырылды, музейдің тыныс-тіршілігі, атқарып жатқан жұмыстары жайында мәліметтер берілді.