Бүгін, 2023 жылдың 31 қазан күні "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері «Ежелгі Тараз ескерткіштері музей-қорығы ұйымдастырған «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріске қатысты. Дәріс "Ежелгі Тараз ескерткіштері" музей-қорығының 25 жылдығына орайластырылған.
Бүгін 2023 жылдың 23 қазан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 25 қазан-Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу шеңберінде, сондай-ақ тәрбие, білім беру қызметі, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту мақсатында "Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ-де - "ұрпақтан-ұрпаққа" тақырыбында Ботай мәдениеті кабинетін ашылу салтанатын өткізді.