2024 жылдың 4 маусым күні «Ботай» музей-қорығында Айыртау ауданының өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Тарихтан туған рәміздер» тақырыбында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия аясында музей қызметкерлері балаларды бұйымдарды өңдеудің ежелгі технологияларымен, құралдарымен таныстырды.