foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

КӨРІСУ КҮНІ

Көрісу күніне халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, тәттілермен бірге қосып үйіп қояды. Бір-біріне «Бір жасыңмен»! дейді. Ол «Бір жасқа есеюімен» дегенді білдіреді.

Көрісу – қазақ халқының ізеттілік пен көрегенділікке, ауызбіршілік пен бауырмалдылыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі.

Бір ерекшілігі – Көрісу бір күнмен шектелмейді, ол Наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі, әр үйдің дастарханындағы тағамнан ауыз тиію керек.

Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамға кіріп көріседі. Сөйтіп арадағы суық қарым-қатынас жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады.

«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Жаңа жыл құтты болсын» - деп құттықтаулар айтылады

 

 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"