foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар

Мемлекеттік кеңесші Е.Т.Кариннің қатысуымен 2025 жылы 23 қаңтарда Астана қаласында ҚР Президент мәдени орталығында «Отан тарихының өзекті мәселелері: жаңа көзқарастар және ізденістер» атты тарихшылар форумы өтті. Айтулы шараның аясында «Қазақстан археологиясы: жаңа ашылымдар» көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің басты ерекшілігі Қазақстанның соңғы 3-5 жылдағы жаңа, тың археологиялық материалдар болуы керек.

Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:

Тас дәуірі,ерте металл дәуірі,ерте темір дәуірі,орта ғасырлар кезеңі

мультимедиялық көрме.

Көрмені Қазақстан тарихшылар конгресі мен ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлана атындағы Археология институты және ҚР Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырды.

Көрмеде елдің ірі музейлеріненн табылған жаңа археологиялық материалдар ұсынылған. Олардың арасында "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының энеолит дәуіріндегі бірегей экспонаттары бар. Олар; керамикалық ыдыстың сынықтары, өрнектелеген жылқы фалангасы және тас құралдары.

Қазақстан археологиясындағы тың ашылымдарды айғақтайтын жәдігерлер көрмесі екі ай көлемінде қалың жұртшылық назарына ұсынылады.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"