foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ақмола облысы, Еленовка ауылындағы мұражай сабағы

2025 жылғы  15 қаңтарда Ақмола облысы Зеренді ауданының Еленовка ауылының орта мектебінің оқушылары  үшін  «Ботай» музей-қорығы Ботай мәдениетіне арналған  тарихи танымдық музей сабағын ұйымдастырды.

Мектеп оқушыларына  "Ботай" музей-қорығының қызметкерлері балаларға арнайы Ботай мәдениетінің ескерткіштері туралы дәрістер,археологиялық қазба жұмыстары жайлы деректер,  бірегей жәдігерлер қойылған көрме ұсынды.

Мектептің 5-11 сынып оқушыларына  шеберлік сабақ  түрінде керамикалық ыдыстарды қайта жасау процесі, ежелгі технологиялар бойынша тасты дисктер дайындау процесі көрсетілді.

Ботай қонысының тарихы балаларды қызықтырып, олар танымдық іс-шараға қуана қатысты, олар үшін өткізілген шеберлік сабақтар мен көрме  арқылы мектептегі білімдерін одан әрі  нығайтты.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"