foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Экскурсия

2024 жылдың  23 желтоқсан күні  «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Ақмола облысы Көкшетау қаласының №11 орта мектепбінде  және Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының №2 орта мектебінде  «Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында   тарих саласындағы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада мектеп оқушыларына  Ботай мәдениеті жайлы дәріс және көрме ұйымдастырды.  Көрмеге Ботай және Красный Яр қоныстарынан табылған жәдігерлер қойылды. Олардың ішінде тарихи түрде жауынгерлік және қызметтік мақсатта қолданылған сүйек пышағы, сүйек гарпуны және тасты дискілер-балталар ерекше көзге түседі.

Сонымен қатар оқушыларға арнап  көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтарын көрсетілді.

Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"