2025 жылғы 16 мамыр күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК СҚО Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында "Музей түні" халықаралық акциясы аясында "Ботай түні" мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараны өткізу орны ретінде Саумалкөл ауылының ашық алаңы және "Ботай"музей-қорығының экспозициялық залдары таңдалды. Тілек білдірушілер үшін музей залдары бойынша экскурсия өткізілді, ғылыми қызметкерлер ботайлықтардың ежелгі технологиялары бойынша тас дискілерді жасау және теріні өңдеу процесін көрсетті. Келушілерді тарихи артефактілер, қолөнер және энеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың өмірі қызықтырды
Мерекелік шараның заманауи форматы жергілікті тұрғындар, ақсақалдар, жас ұрпақ, ғалымдар, өлкетанушылар арасынан үлкен аудиторияны тартты.
Іс шара соны мерекелік концертпен аяқталды.