2025 жылдың 5 мамыр күні Ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау, жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ны 7 мамыр - Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында-Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлеріне «Ботай-Ұлы Дала мәдениеті» тақырыбындағы тақырыптық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты –ішкі істер органдары қызметкерлеріне, ежелгі археологиялық ескерткішпен, энеолит дәуірінің жәдігерлерін көрсете отырып, музей жұмысының рөлін арттыру. Аталмыш іс-шараларды ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Себебі бұл-полиция қызметкерлері бойында патриотизмді одан әрі күшейтіп, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.