2025 жылдың 11 маусым күні «Туған елге тағзым» жобасының аясында еліміздің тарихы мен мәдениетін тереңірек тану, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен туған елге деген құрметті қалыптастыру мақсатында Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ботай» музей-қорығына келді.
Оқушылар үшін музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында музей қызметкерлері оқушылармен Ботай мәдениетінің ашылуы, тарихы және зерттеу жұмыстары жайында ақпараттармен бөлісті. Сондай - ақ оқушылар назарына ботайлықтардың ежелгі тұрғын үйлерінің реконструкциясы, жабайы жылқыны қолға үйрету жөнінде, табылған қыш ыдыстардың сынықтары жайында мәлеметтер ұсынылды. Экскурсияда оқушылар ботайлықтардың күнделікті тұрмыста қолданылған ежелгі құралдар,қару-жарақтарын көз бе көз көріп, керемет әсер алды.