2025 жылдың 5 маусым күні Ботай қонысына археологиялық тәжірибеге Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары келді.
⠀ Практика барысында олар қазба жұмыстарының негізгі әдістерімен танысып, көне жәдігерлерді зерттеу үдерісіне тікелей қатысты.
⠀ Бұл тәжірибе – тарих пен археологияны мектеп партасынан тыс, нағыз тарихи ортада терең түсінуге тамаша мүмкіндік болды.