Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырған «E-museum» веб-порталына мәліметтерді енгізу бойынша семинарға “Ботай” музей-қорығының қор сақтаушысы Мақпал Серікбекқызы Альмаганбетова қатысуда.
"E-museum" - бұл Қазақстанның музей қорларының бірыңғай мемлекеттік каталогы, онда мыңдаған экспонаттар туралы мәліметтер жиналады.
🔹 Семинарда мамандар жәдігерлерді веб-порталға енгізу, деректерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толықтыруды үйреніп, тәжірибе алмасуда.
🔹 Бұл бастама Ботай мәдениетіндегі бірегей мұраларды әлемге таныстыруға және тарихымызды кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
✨ Енді Ботай қазыналары бүкіл әлемге қолжетімді бола түспек! 🌍