
«Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы адамдардың, әсіресе жастардың, ойлау жүйесі мен мінез-құлқына әсер етіп жатыр. Бұл – бүкіл адамзат өмірін түбегейлі өзгертетін үдеріс».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаев
2025 жылғы 3 қазанда Саумалкөл ауылындағы Агротехникалық колледж студенттері «Ботай» мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, виртуалды музейге арналған экскурсия әзірлеуге қатысты. Студенттер ИИ-дің мәдениет пен білім саласындағы мүмкіндіктерімен танысып, цифрлық платформаларда жұмыс істеуді үйренді. Олар экспонаттар туралы ақпаратты құрылымдап, экскурсия мәтінін жасады. Бұл тәжірибе оларға заманауи технологияларды музей ісі мен білім беруде қолданудың жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді.