
2025 жылдың 9 қазанында "Ботай" музей-қорығында Сексенбаев Ақан Алтаевич жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында лекция оқыды. Ол өз сөзінде жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін атап өтті. Бұл — әділ де адал қоғам құру жолындағы маңызды қадам. Сол себепті біз жемқорлыққа қарсы тұрамыз. Қазақстанды жемқорлықтан арылту үшін бар күшімізді салып, белсенді түрде әрекет етейік!