foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай — Дала өркениетінің бастауы»

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының агротехникалық колледжінің студенттері кәсіби практика барысында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми-зерттеу бөлімі және ғылыми-қор жұмысы мен экскурсиялық қызмет көрсету бөлімімен бірлесе отырып, музей экспозициясында ұсынылған артефактілермен танысты.
Практикалық жұмыс аясында студенттер археолог және зерттеуші В.Ф. Зайберт туралы бейнематериалдарды тамашалап, мәдени және тарихи мұраны көрсететін экспонаттарды зерделеді. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындап, «Ботай — Ұлы Даланың мәдениеті» тақырыбындағы викторинаға қатысты.


Бұл практика студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, тарих пен археология саласындағы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ музей ісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының практикалық қырларын түсінуге мүмкіндік берді.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"