2024 жылдың 3 желтоқсан күні «Ботай» музей-қорығының қызметкерлері Ақмола облысы Зеренді ауылының №1 орта мектепбінде «Ботай-Ұлы дала мәдениеті" тақырыбында тарих саласындағы танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шарада мектеп оқушыларына Ботай мәдениеті жайлы дәріс. Ботай қонысынан табылған бірегей жәдігерлер көрмесі және көне Ботай мәдениетінің интерактивті элементі қыш ыдыстар жасау мен тас дискілерін жасау шеберлік сабақтарын көрсетті.
Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысты.