
Бүгін, 2022 жылдың 7 желтоқсан күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мадени музей-қорығы» РМҚК-нің экскурсоводы Шаимова А.Ж. Көкшетау қаласының мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына тарихты біліп,ботай мәдениетінің бірегей археологиялық ескерткішін насихаттау мақсатында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді.
Оқушылар ежелгі энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар,ботай мәдениеті жайлы дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей жәдігерлер туралы көптеген ақпараттар алды.
> >
2022 жылы 5 желтоқсан күні сағат 11:00 де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы «AMANAT» партиясының ғимаратында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ботай қонысының тарихи бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Ботай қонысының табылуына себепші болған, көне жылқының сүйектерін, табылған жәдігерлерді профессор В.Ф.Зайбертке бірінші болып көрсеткен Еслямбек Зәкіряұлына арналды.
Іс шараның мақсаты– көпке беймәлім тұлғаны, қатардағы өлкетанушыларға, зиялы қауым өкілдеріне Еслямбек Зәкірияұлына қатысты тарихты, адамгершілік әділеттілікті қалпына келтіру. Дөңгелек үстел жұмысында Ботай мәдениетін зерттеудің 40 жылдық тарихы, оның негізгі белестері, қолданылған әдіс-тәсілдері, ғылыми пікірталастары айтылып, алдағы уақыттағы басымдықтарды айқындау көзделді. Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстанның киелі нысандары, Ботай археологиялық мәдениетінің әлемдік өркениетті зерттеудегі рөлі мен маңызы талқыланды.
> >
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК 2022 жылғы 17 қарашада «Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді.
Конференция 2022 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының ақпараты, нәтижелері, жетістіктерінің мониторингіне арналды.
Аталмыш іс-шараға «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның аға ғылыми қызметкері Қуаныш Қабдолұлы Абильмаликов «Археологические исследования на поселении Ботай в 2022 году» тақырыбында өз баяндамасымен және тарихшылар, археологтар, сонымен қатар гуманитарлық ғылымдардың өзге де өкілдері қатысты.
> >
> >
Бүгін, 2022 жылдың 2 қараша күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде 25-қазан Республика күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның көне тарихы» атты республикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – Қазақстанның көне тарихы мен қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру; мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына білім алушылардың назарын аудару.
Аталмыш іс-шараға отандық тарихшылар, республикалық және облыстық деңгейдегі музейлердің ғылыми қызметкерлер қатысып, Қазақстанның көне тарихы туралы баяндамалар ұсынылды.
> >