Ботай» музей-қорығының 5-жылдығына орайластырылған «Бес жыл бірге» акциясы аясында 2023 жылдың 31 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл №1орта мектебінің 2 «В» сынып оқушылары "Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-на келді.
Оқушылар үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар өз өлкесінің тарихымен тереңірек танысып, археологиялық жұмыстардың қыр-сырын біліп, музей қорындағы Ботай мәдениетінің жәдігерлері туралы толық ақпарат алды.
Балалар үшін Ботай музей-қорығының экспозициялық залы бойынша өте қызықты және танымды экскурсия болды.