foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«Ботай-ежелгі адамдар қонысы»

2023 жылдың  3 ақпан күні  Саумалкөл  қазақ орта мектебінің 6  сынып оқушыларына  "Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы»  «Ботай-ежелгі адамдар қонысы» тақырыбында Ботай музейінің экспозициялық залында  экскурсия ұйымдастырылды. Тақырыптық экскурсияда Ботай мәдениетінің алғашқы беймәлім құнды жәдігерлерді ғылымға ұсынған  өлкетанушы, жергілікті мектеп директоры Еслямбек Зәкірияұлы, Ботайды айдай әлемге танытқан В.Ф.Зайберт  жайында  және Ботай мәдениетінің бірегей олжалары, сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстарының барысы туралы айтылды.

Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтқанда сүйектен жасалған пышақ, найза-сүңгі, трепанация іздері бар адамның бас сүйегі және қыш ыдыстын сынықтары.  Әрбір  бұйымдардын мерзімін, жасалу және пайдалану мақсаты оқушыларға толықтай түсіндірілді.

Балалар көне тарихқа деген қызығушылықтарын танытып, туған жердің тарихын зерттеп, жағымды, жарқын әсер алды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"