foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

«4 аймақ – 4 бағыт» - «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық археологтардың жетістіктері мен даму болашағы» республикалық онлайн дөңгелек үстелі

2021 жылғы 3 желтоқсан күні, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «4 аймақ – 4 бағыт» - «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық археологтардың жетістіктері мен даму болашағы» республикалық онлайн дөңгелек үстелін өткізді.

Онлайн дөңгелек үстелге Қазақстанның 4 өңірінің археологтары (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс), ғалымдар, тарихшылар, музейдің ғылыми қызметкерлері, магистранттар, докторанттар қатысты.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан археологиясының жетістіктері, Қазақстандағы мәдениет тарихы ескерткіштерінің ғылыми маңызы мен сақталуы, Қазақстандағы археологтардың теориясы мен практикасы атты тақырыптары талқыланды.

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"