foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Республикалық сурет байқауы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 1-маусым балаларды қорғау күніне орай   Ботай мәдениеті жәдігерлерінің үздік көркем және семантикалық бейнесіне арналған республикалық суреттер байқауын ұйымдастырады.

Байқаудың қатысушылары: білім беру орындарының 5-8 сынып оқушылары.

Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік сезімі мен Ботай мәдениетті қалыптастыру. Өңір тарихына деген қызығушылығын арттыру. Ботай мәдениетімен барынша жақын танысуға үлес қосу. Сондай-ақ талапты шәкірттердің суретшілік өнерін дамытуға және көпшілікке насихаттауға бағытталады.

Жұмыстарды қабылдау уақыты: 13 мамыр мен 27 мамыр аралығында

Жұмыс нәтижесі шығатын уақыты 1 маусым

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ:

  • Салынған суреттің байқау тақырыбына сай болуы;
  • Өзіндің ерекшелік пен шығармашылық ізденістің болуы;
  • Кез-келген материалдарда орындалған көркемсуреттер (ватман, қатырма және т.б.) және кез-келген техникамен салынған (май, акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар және т.б.) болуы қажет.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:      

  • Байқау қашықтық форматында өтетін болғандықтан, жасаған шығармашылық жұмыстарды және өтінімді (төмендегі көрсетілген сұраныс кестені толтырып), Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жіберуі тиіс.
  • Байқауға жұмыстар jpg, doc және mp4 форматында жолдануы қажет.
  • Жұмыстың дәлелді болуы үшін, жұмыс жасау процесіндегі фотосурет (байқауға қатысушымен қоса) жіберілуі тиіс.

 БАЙҚАУДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ:

  • Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділқазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.
  • Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, жетекшілері грамотамен марапатталады.
  • Байқаудың 1-ші қосымшасында көрсетілген барлық ұяшықтарды толық толтыру шарт
  • Электрондық пошта: rgkp.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. .
  • Байланыс телефоны: 8 (715 33) 21-8-80

8 (775) 732 8454 ватсап

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"