foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай қонысында археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда

Никольское ауылының жанындағы Ботай қонысында ағымдағы жылдың 1 маусымында ғылыми жоба аясында басталған археологиялық қазба жұмыстар жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысының мектеп оқушылары мен тарих және география пәнінің мұғалімдері қазба жұмыстарына және археологияны зерттеуге ерекше қызығушылық танытуда. Расында да, бұл – тарихты сыныптағы үнсіздікте зерделеумен қатар, мәдени қабаттарды зерттеуге, өз көзіңізбен көруге және археологиялық ескерткіштердегі көне жәдігерлерді тікелей ұстауға тамаша мүмкіндік.
Ботай музей-қорығымен ынтымақтастық құру аясында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы жанындағы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ мұғалімдердің археологиялық қазба жұмыстарына келуін ұйымдастырды.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"