foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Колода Дмитрий Владимировичпен кездесу

Бүгін, 2022 жылғы 31 мамыр күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Колода Дмитрий Владимирович «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді. Музей қонақтары үшін экспозициялық зал бойынша экскурсия ұйымдастырылып, археологиялық қазба жұмыстарының барысы көрсетілді. Дмитрий Владимирович музей-қорық ұжымымен кездесу өткізді, оның барысында ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша республикалық референдумның мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, алдағы референдум туралы өзекті мәселелер көтерілді. Депутат Д.В.Колода заңгерлік түсініктемелер берді.
«Ботай» музей-қорығының қызметкерлері 2022 жылдың 5 маусымында өтетін референдумға баруға ниет білдіріп, дайын екендіктерін білдірді.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"