foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Алматы қаласының тұрғындарына арналған тақырыптық экскурсия

2022 жылғы 24 мамыр күні "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экспозициялық залы мен Ботай қонысын (СҚО Айыртау ауданы Никольское а.) тамашалау үшін Алматы қаласының тұрғындары арнайы келді.
Музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Марат Сайлауұлы Мәкеев тақырыптық экскурсия жүргізіп, Ботай тұрғын үйлерінің құрылысы мен Ботай мәдениетінің бірегей артефактілері туралы толық ақпарат берді.
Ботай қонысында бірнеше ғасырға созылған өмір сүруінің бүкіл негізгі кезеңінде ежелгі адамдар кем дегенде 250 тұрғын үй салған. Жартылай қазылған тұрғын үйлердің ауданы 20-70 шаршы метрді құрады. Олар топ-топ болып, көбінесе бір-біріне іргелес орналасты, сонымен қатар, кейбіреулері жер өткелдері арқылы жалғасты. Ботай қонысынан табылған олжалардың басты ерекшелігі - сүйек қалдықтарының көптігі. Сүйектің негізгі, басым бөлігі жылқы қалдықтарына жатады, бұл жылқыны қолға үйретудің негізгі белгілерінің бірі.
Экскурсия соңында музей қонақтары өз туған-бауырларына ботай тақырыбындағы естелік кәдесыйлар алып кетті.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"