foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ботай қонысына ағаш отырғызу

ҚР МСМ МК «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұжымы ағаштарды отырғызды.Акция 2022 жылдың 19 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ботай қонысында өтті. Акция экологиялық және қауіпсіздік және құтқару мақсаттарын көздейді. Экология тұрғысынан – ағаштарды отырғызу барлық экожүйені абаттандыру, табиғи оттегінің айналымы үшін қолайлы микроклиматқа ықпал етеді.
Акцияның тарихи-мәдени мәні – Ботай қонысы бірегей археологиялық ескерткіштер кешенінен тұрады. Сондықтан көшеттерді отырғызу Ботай археологиялық ескерткішінің бір бөлігін (табиғи-климаттық жағдайлардан және уақыт әсерінен) сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ белгілі бір периметрі мен бағыты бойынша ағаштарды отырғызу әдісі «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын» сақтаудың бір бөлігі болып табылады.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"