foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күні

Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанның ғылыми қауымдастығы өзінің кәсіби мерекесі – Ғылым күнін атап өтуде. Ғылым қай заманда да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, ұлттық байлықтың аса маңызды құрамдас бөлігі, экономиканы, медицинаны, білім беруді, мәдениетті және бүкіл әлеуметтік саланы дамытудың қуатты ресурсы болды және солай болып келеді.
Ғалымдар – қоғамның элитасы, елдің ең құнды байлығы. Ал осы айтулы күні «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның ұжымы еліміздің барша ғалымдарын, соның ішінде «Ботай» музей-қорығының ғылыми хатшысы, археология профессоры Виктор Федорович Зайбертті мерекелерімен құттықтайды.
Күнделікті тынымсыз еңбектеріңіз үшін, жоспарлары мен жүзеге асырылуында отандық ғылымның рухы жүзеге асатын бірегей жобалар мен жұмыстар үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздер ашқан жаңалықтарыңыз бен жетістіктеріңізбен тек қазақстандық емес, бүкіл әлемдік ғылымды байытасыздар.
 

Copyright 2024  Музей-заповедник "Ботай"