2022 жылдың 9-10 сәуір күндері Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылында «Жалпы диктант – 2022» гуманитарлық білім беру акциясы өтті.
«Жалпы диктант» Дүниежүзілік білім беру жобасы планетаның барлық алты континентіндегі 19 уақыт белдеуін қамтиды. Және ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі іс-шара және сәйкесінше диктант мәтіні Қазақстан Республикасындағы Балалар жылына арналды.
Бүгін, 2022 жылғы 10 сәуір күні осы іс-шара аясында акцияға қатысушылар – Петропавл мен Көкшетаудан келген ұстаздар мен ақындар «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына келді. Аға ғылыми қызметкер Қ.Қ.Абильмаликов музей-қорықтың экспозициялық залы бойынша экскурсия жүргізді, қонақтар Ботай мәдениетінің әлеміне үңіліп, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.