foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Дүниежүзілік экскурсоводтар күні

21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күні. Бұл – тарихты құрметтеп, оны келер ұрпаққа жеткізетін мамандардың кәсіби мерекесі.
Осы атаулы күнге орай «Үздік экскурсовод» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Байқау еліміздің әр өңірінен келген кәсіби мамандарды біріктіріп, олардың білімін, шеберлігін және шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқаудың негізгі мақсаты – экскурсовод мамандығының беделін арттыру, экскурсиялық қызметті дамыту, дарынды мамандарды қолдау және тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен Бас жүлде иегері анықталды. Дегенмен, байқауға қатысқан әрбір маман өз ісінің нағыз кәсіби шебері екенін дәлелдеді.
Экскурсиялық жұмыс – жай ғана таныстыру емес. Бұл – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұлттық жадымызды сақтау мен қоғамның мәдени санасын қалыптастырудағы маңызды қызмет.
Барша экскурсоводтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Қатысушыларға жоғары деңгейдегі дайындықтары, өз ісіне деген сүйіспеншілігі және тарихқа деген құрметі үшін алғыс білдіреміз.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"