foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Коллегия

Кеше, 23 ақпанда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жусуп Жумагуловтың төрағалығымен, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сабит Барлыбаевтың қатысуымен Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алқа отырысы өтті.
Алқа отырысында «Ботай» музей-қорығы директоры Амирова Сабина Каримовна музей-қорықтың қызметі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.
Баяндама барысында 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен алдағы даму жоспарлары таныстырылды. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, Ұлы дала мәдениетін кеңінен насихаттау және экскурсиялық қызметті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Ботай» музей-қорығы Ботай мәдениетінің бірегей мұрасын зерттеу мен дәріптеу бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, республикалық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайтып келеді.

Copyright 2026  Музей-заповедник "Ботай"