foto1
foto1
foto1
foto1
foto1
foto5

Ұлы Даланың ежелгі дәуірлерінен Қазақстан Республикасының қазіргі тарихына дейін

2024 жылдың 23 қазан күні – «Ботай» мемлекетті тарихи-мәдени музей-қорығы 25 Қазан - Республика күніне орай "Ұлы Даланың ежелгі дәуірлерінен Қазақстан Республикасының қазіргі тарихына дейін" тақырыбында  Саумалкөл қазақ орта мектебінде  көрме ұйымдастырды.

Көрменің идеялық мәні, -Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін, сондай-ақ адамдар қоныстанғаннан бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі Қазақстан аумағында болып жатқан аса маңызды тарихи оқиғаларды бейнелеу.  Ботай мәдениеті – әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуының маңызды бөлігі ретінде, энеолит дәуіріне жатады, көшпенділік пен көшпенділіктің бастаушысы болып табылады.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты тарих ғылымына баулу, ұлттық мереке – Республика күнінің маңыздылығы мен мазмұның ұғындыру.

Көрмеде  жылқы сүйектерінен жасалған ежелгі құралдар, пышақ,найза-сүңгі, инелер,т тастардын жасалған найза, садақ ұштары, тасты дисктер  мен ежелгі адамның алғашқы инженерлік ойының үлгісі ретінде Ботай мәдениетінің тұрғын үйінің макеті ұсынылды.

Көрмеге келушілерге Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері - түркі кезеңі, Қазақ хандығының қалыптасуы, этнографиялық қазіргі заман баяндалады.

Copyright 2025  Музей-заповедник "Ботай"